Қанды қоюланудан сақтайды

Қанды қоюланудан сақтайды Бүгінгі күні адамдардың бәрі «нервный». Оны менің нағашы атам «жүйкелеу» деп атайды. Нағашым үйінде шайына үнемі әлдебір шөптерді қосып ішіп жүреді. Кейде ауыл шетіне, қыр басына шыға қалсақ әр шөпті алақанымен аялай ұстап, аттарын айтып, олардың қасиетіне жете тоқталып жатқаны. Шаршауды және ашу шақыруды білмейтін ол кісі бірде құпиясымен бөлісті. «Адамды ауру ететін де, жасына жетпей қартайтатын да – жүйке. Сондықтан әрдайым сабырлы болудың жөні бөлек. Ол үшін аптасына бүтін лимонды қабығымен қоса еттартқыштан өткізіп, оған дәл сол мөлшердегі бал араластырып, шайға қосып ішіп жүрсе, адамның қаны қоюланбайды. Қан таза болған соң жүрек қыспайды, «давление» көтерілмейді. Ашудың да алдын алатын – сол. Күн ыстықта су орнына өрікті қайнатып, азырақ қана шекер қосып ішіп жүрудің де көмегі жақсы. Ол басты ауыртпайды. Шаршатпайды», – дейді ол кісі. Ширақ та сергек, сабырлы да жас көрінудің сыры осы екен.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар