Бағдат Мусин балаларға арналған SIM-карта енгізу туралы айтты

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин балаларды қауіпсіз интернетпен қамту жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Балаларды қауіпсіз интернетпен қамтудың әртүрлі нұсқаcы бар. Біз оларды зерттейміз. Қауіпсіз интернет дегеніміз балаларға қажет емес дерек көздері мен сайттарды бұғаттап, керегін ғана қалдыру. Біз бағытта жоспарымыз бар. Тариф ұялы байланыс операторлары арқылы жүзеге асырылады», - деді Бағдар Мусин Үкімет отырысынан кейін тілшілердің сауалына жауап бере отырып. Оның айтуынша, бүгінде түрлі мобильді тарифтік жоспарлар бар, дегенмен жаңа әрі тиімдер тариф артық етпейді. Еске сала кетсек, осыдан бірер күн бұрын Оқу-ағарту министрлігі балаларға арналған SIM-карта енгізу туралы ұсыныс тастаған еді.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар