Автокөлік тарихын қалай тексеруге болады

«Автокөлік тарихы» онлайн сервисі іске қосылған сәттен қазақстандықтар 2 миллионнан астам көлік құралын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ішкі істер министрлігі қолданыстағы көлікті сатып алмас бұрын оның тарихын тексеріп алу керектігін ескертеді. Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн-режимде көруге болады. Ішкі істер министрлігі іске қосқан «Автокөлік тарихы» қызметі көлікті сатып алып жатқанда оның тарихы туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді: – автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күні; – бұрынғы иелерінің саны; – кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғы, сонымен қатар басқа да мәліметтер. Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис «102» және «Halyk Bank», «Bereke Bank», «CenterCredit», «ForteBank» мобильдік қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді. Алдағы уақытта ІІМ «Автокөлік тарихына» «бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.
- Соңғы
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
12 мамыр 2025
12 мамыр 2025
Басқа жаңалықтар
Басқа жаңалықтар