Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

inform.kz

Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Өзбекстан билігі ел тұрғындарын Жаңа жылды карантин шараларын сақтай отырып, отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі Өзбекстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтем жасап. «Халықтың денсаулығын қамтамасыз ету және елдегі эпидемиологиялық тұрақтылықты сақтау мақсатында азаматтарға 2022 жылғы мерекелік жаңа жылды мүмкіндігінше отбасы мүшелерімен ғана қарсы алуды ұсынамыз», - деп хабарлады ведомство. Еске сала кетейік, Өзбекстанда «омикрон» коронавирус инфекциясының жаңа штаммының енуіне жол бермеу мақсатында елге кірушілер үшін бірқатар жаңа карантиндік шектеу шаралары қабылданды. Автор:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
2 мамыр 2024