Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрқаділов қайтыс болар күні телефон шалды – Құрманәлі

kznews.kz

Нұрқаділов қайтыс болар күні телефон шалды – Құрманәлі

Белгілі композитор Қалдыбек Құрманәлі журналист Аман Тасығанға сұхбат беріп, өнер адамдарының қадір-қасиеті, Заманбек Нұрқаділовтің өлімі, жаңа Қазақстан туралы пікірін айтты. Композитор Заманбек Нұрқаділов қайтыс болар күні өзіне телефон арқылы хабарласқанын айтты. Оның алдында саясаткер Қалдыбек Құрманәліге кітап шығарып беруді өтінген. – Дәл қазіргі президентіміз батыл қадамға барып жатыр. Осы сәтте Нұрқаділовтің өлімі туралы ақиқат ашылуы мүмкін. Шындық айтылмай қоймайды, шындықтың кеш келетіні қиын. Талай адамдар көрмей кетуі мүмкін. Нұрқаділов қайтыс болар күні маған телефон шалды. Заманбек Нұрқаділовтің маған деген құрметі ерекше болды, аға-іні болып араластық. Маған кейбір құпияларын айтатын. Бірде Зәкең кітап шығаруға мені үйіне шақырды. «Қалдыбек, сен бір кітап шығарып бере аласың ба?» деді. Жақсы сумма, 50 мың тираж. Өзіме 20 мың доллар қалады. Бірақ тәуекелге бару керек болды, саяси кітап. Кітаптың ішінде үлкен айыптаулар бар. Кітапты шығаратын болдым. Үйіме барып кітапты қарадым, шашым тікірейіп кетті. Сұмдық, кәдімгі бомба. Бірнеше адамдар ату жазасына кетіп қалуы мүмкін. Бір аптада бітіріп бардым. Кітап туралы ұсыныстарымды айтып болып едім, «әй, Қалдыбек, сенен осыны күтіп едім» деді. Риза болды. Мен ақшаны алуға келіп отырмын, баспа дайын тұр. Содан Зәкең «Қалдыбек, саған бір нәрсе айтамын, ренжімейсің бе?» деді. Ренжімейтін қылып айтыңыз дедім. Бұл кітапты шығармауымды сұрады. Сенбегеніңіз бе, аяғаныңыз ба дедім. «Екіншісі, мына кітапты шығарарсың. Тірі қалу-қалмауың екіталай. Сен өнерге керек екенсің, мына лас тірлікке сені араластырғым келмейді» деді. Конверт ұсынып, сөзінде тұрғысы келетінін айтты және кітапты ұмыт деді, – деп еске алды Қалдыбек Құрманәлі Talklike бағдарламасында. Композитордың айтуынша, Заманбек Нұрқаділовтің ұлы әкесінің жаназасын шығаруға қарсы болған. – Алматы қаласы сотының қызы ұзатылатын болып, соның үйінде отырдым. Мақпал Жүнісова телефон шалды да: «Қалдыбек, Зәкеңді өлтіріп кетті ғой» деді. Алып-ұшып сонда бардым, милициялар келген екен. 31 арна журналистері менен сұхбат алды. Сол жерде қала әкімінің бірінші орынбасары Заяц, Бостандық ауданының әкімі – Амангелді Кәрімұлы және ұлы Қайрат тұр екен. «Не істейміз?» деді. Жазушылар Одағынан немесе Әуезов театрынан жаназасын шығарайық дедім. Мен баласы Қайратты (Нұрқаділов) кешіре алмаймын. «Баласы, мұрагері мен, неге араласып тұрсың? Жаназа шығады, бірақ қоштасу болмайды» деді. Бөкенов пен Заяц «Қалдыбек, ұлы қарсы болып тұр. Сен неге бүйректен сирақ шығарасың?» деді. «Қайрат, сенің бойыңда Заманбектің 10 пайыз болсын қаны бар ма?» деп сұрадым. Қасымда тұрған кісі өз-өзін өлтірген адамға жаназа шығарылмайтынын айтты. Қаным басыма шапты, жағасына жармастым. Осындай сөзді есітідім, – деді Қалдыбек Құрманәлі. Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты пікір білдірген композитор тұңғыш президентті қараламайтынын айтты. – Нұрсұлтан Әбішұлын жақсы көремін. Назарбаевты қараламаймын. Ол мемлекетке өз үлесін қосты. Кемшіліктері болды. Ұлтқа, мемлекетке жасаған жақсылықтарын неге айтпаймыз? Бәрін бір адамның мойынына іліп қоюға бола ма? Сол кезде қызмет атқарған әкім, министрлер қазір жұмыс істеп жатыр. Мен Нұрсұлтан Назарбаевтан ақша алып, шапағат көрген адам емеспін. Назарбаевтың шапағатын көрген адамдардың бәрі үнсіз. Піштірілген қошқар сияқты болып қалғанына таң қаламын, – деді ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024