Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Қыздардың етегін аңдып жүре беріңіз»: Қалдыбек Құрманәлі сөз еткен журналист қыз видеоүндеу жариялады

kznews.kz

«Қыздардың етегін аңдып жүре беріңіз»: Қалдыбек Құрманәлі сөз еткен журналист қыз видеоүндеу жариялады

Қалдыбек Құрманәлі даудың астында қалды. Оған себеп Аман Тасығанға берген сұхбатында сөз еткен Аружан Дүйсебаева мен Сәкен Майғазиевтің кикілжіңі, деп жазады «Адырна» тілшісі. Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында, Қалдыбек Құрманәлі Азаттық тілшісі Аружан Дүйсебаеваның намысын таптаған жазбасына қатысты қойылған сұрақтан жалтарған болатын. Шешеден боқтап, балағат сөздер айтып, студиядан шығып кетпек болған Қалдыбек мырзаның бұл әрекетін көпшілік сынады. Аружан Дүйсебаева өзіне қатысты айтылған пікірге видеомен жауап берді. «Қоғамда жүрген әумесер адамсыз. Қыздардың етегін аңдып жүре беріңіз. Шынайы елге жаныңыз ашитын жан болсаңыз, Жаңаөзен оқиғасында, Заманбек Нұрқаділовтың өліміне қатысты оқиғада, Қаңтар оқиғасында полицейлер жазықсыздарды үтікпен күйідіріп жатқанда қайда болдыңыз? Сіз мен үшін ешкім емессіз» деді Аружан видеода. Инстаграмдағы парақшасындағы жазбасында: «Қалдыбек Құрманәлі сол кезде сөзіңізді өзгертіп едіңіз. Менің жағымды айыратындай сіз кім едіңіз? Менің жағымды айырғызып қойып қарап отырама менің әкеммен ағам? Ағаларым? Журналисттер бұдан кейін осыдан сұраңыздар сұрақтарыңызды реттеп беріп отырсын!Мендегі дәлелмен жұмыс дасамай отырғой құзырлы орган. Басты күдіктіні аяқ асты куәгерге айналдырған Шымкент қаласының прокуратурасы/Прокуратура города Шымкент ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі / Антикоррупционная служба РК мекеме сорлы ғой. Тек тапсырыспен жұмыс жасайтын. Ал сен осылай былжырай бер. Шал болған соң әдемі қартайсай, қарғысқа қала бермей. Бар жауабым видеода» деп жазды ол.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024