Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 2020 жылғы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша ақталды

alashainasy.kz

Қырғызстанның экс-президенті Атамбаев 2020 жылғы тәртіпсіздікке қатысты іс бойынша ақталды

Сот Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты 2020 жылғы қазандағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген іс бойынша ақтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап. "Бішкектің Бірінші Май аудандық соты Алмазбек Атамбаевты 2020 жылдың қазан айында Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін кінәлі емес деп танып, қылмыс құрамының жоқтығы үшін ақтады", - деді судья үкімді оқып отырып. Атамбаевқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы үйқамаққа ауыстырылды. Сондай-ақ сот экс-президент Атамбаевтың кеңесшісі Фарид Ниязовты, елдің ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Құрсан Асановты және Атамбаевтың күзетшісі Қанат Сағымбаевты ақтады. Атамбаев Қырғызстан президенті қызметін 2011-2017 жылдар аралығында атқарған. Атамбаевқа қатысты бірнеше қылмыстық іс қозғалды. 2020 жылдың 5 қазанында Бішкекте парламенттік сайлаудың нәтижесіне наразы азаматтар көшеге шықты. Наразылықтар Ақ үйді басып алуға ұласты. 9 қазанда Бішкектегі Ала-Тоо алаңында тағы да митинг өтті, онда Садыр Жапаровтың жақтастары мен оның қарсыластары арасында төбелес болып, Атамбаевтың көлігіне оқ атылды. Кейіннен Атамбаев пен түрмеден босап шыққан басқа да саясаткерлер қайтадан қамауға алынды. Еске салсақ, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевқа жаңа айып тағылды. Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2024