Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей Украинаға жүздеген кассеталы бомба лақтырған

azattyq.org

Ресей Украинаға жүздеген кассеталы бомба лақтырған

Ресей Украинаға соғыс ашқалы бері жүздеген кассеталы бомба лақтырған. Бұл жөнінде Cluster Munition Coalition ұйымының кезекті баяндамасында айтылған.Бұл бомбадан 200 бейбіт тұрғын қайтыс болып, 500-і түрлі жарақат алған.1 шілдеге қарай Ресей Украинаның он аймағын кассеталы бомбамен соққылаған. Украина армиясы болса кемінде үш рет - Донецк, Харьков және Херсон облыстарында кассеталы бомбамен орыс армиясын атқылаған.Кассеталы снаряд ұшқан кезде бөлшектерге бөлініп, кең аумаққа таралады. Кейде бұл жарылмай қалып, түскен жерін миналап тастайды. Бұл жергілікті тұрғындар, әсіресе балалар үшін өте қауіпті.2010 жылдан бері кассеталы оқ-дәрілерге тыйым салу Конвенциясы жұмыс істейді. Бұл келісімге әлемнің 100-ден астам мемлекеті қол қойған. Бірақ олардың арасында Ресей мен Украина жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024