Біздің жүрген-тұрғанымыз толған стресс қой

Осы жұрт соңғы кезде мұғалімнің айлығын санағыш болып кетті ғой. Мұғалімнің айлығы 350 мың деп айды аспанға шығарыпты біреулер. 350 мың айлық арман ғой бізге.Әсілінде, ең стреске түсіретін мамандық - мұғалім ғой. Әр жылы айлығың әртүрлі болады. Биыл 20 сағат алсаң, келесі жылы 14 сағат қана болуы немесе тіпті жоқ болуы да мүмкін. Біз байғұс сол себепті елдің демографиясының өсуін күндіз-түні құдайдан тілеп жүреміз. Өзімізбен мамандығы бірдей келіншектің іші шүртие қалғанын көрсек, бала-шағамыздан бұрын сол келіншектің тілеуін тілеп кетеміз ғой біз деген."Мә, күшті, қанша ай болды? Айтпайсың, қу қыз" - деп ынталандырып қоясың ғой еще. Ал өзің ішіңнен "тәк, декретте мына уақытта кетеді екен. Артылған үш сағатын мен алсам, 5 "а" класынан көрі ана бір балалары жуастау класын берсе күшті болар еді забыш қатын. Қосылған ақшаға үйге ремонт жасатып, балама белсебет әперсем" - деп армандап кетесің ғой, обшым. Ал декреттен жұмысқа шығам деген келіншекті атарға оғымыз жоқ екенін несіне жасырайық?! Оны білдірмейсің ғой: "Күйеуің бағам десе, жатпайсың ба? Мен әйел болсам жатар едім, "бізді бақ, асыра" - деп аяғымды аспанға көтеріп" - деп прикол лақтырып қоясың ғой еще. Өзіңнің әйелің үш айлық қызыңмен жұмысқа шығып кеткенінде шаруаң жоқ. Соңында "Жас кезде туып-туып ал" деп ақыл айтып, жақтырмай ала көзбен атып кетуді де ұмытпаймыз. Обшым, біздің жүрген-тұрғанымыз толған стресс қой. Ал, демографияны ойлап, тілеп жүретін тілеулестігіміз үшін біздің айлықты миллион қылса да жарасады. Ұйықтағаны үшін миллион алып жүр ғой депутаттар. Ал сіздер біздің аузымыз көпіріп жүріп тапқан 200 мың теңгемізді санап отырсыздар. Так не честно же... facebook.com парақшасынан Тектес:
- Соңғы
- Танымал
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
-
- Маусым, 19
-
-
- Маусым, 18
-
-
- Маусым, 17
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
28 маусым 2025
28 маусым 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар