Украина NASAMS және "Скайгард Аспид" әуе қорғанысы жүйесін алды

7 қарашада Украина қорғаныс министрі Алексей Резников Украинаның NASAMS және Скайгард Аспид әуе қорғанысы жүйесін алғанын хабарлады.Украина қорғаныс министрлігінің басшысы жаңадан алынған әуе қорғанысы жүйесі Украина әскерін айтарлықтай күшейтіп, Украина әуе кеңістігін қауіптен көбірек қорғайтынын атап өтті. "Норвегия, Испания және АҚШ секілді серіктерімізге рақмет",-деп жазды Резников Twitter парақшасына.Резников Украина қанша әуе қорғанысы жүйесін алғанын және оны қашан әкелгенін нақтылаған жоқ.Бірнеше күн бұрын Пентагон Киевке сегіз NASAMS, Испания бір "Скайгард Аспид" батареясын жөнелткенін хабарлаған.Ресей Украинаның маңызды инфрақұрылымдарына шабуылды күшейткен соң Батыс елдері Украинаға әуе қорғанысы жүйесін беруді жылдамдата бастаған.Мәскеу Украина инфрақұрылымдарына берілген жауапты Қырым көпіріне жасалған соққыға жауап деп мәлімдеген. Кремль Қырым көпіріне жасалған шабуылды теракт деп бағалап, Украинаны кінәлаған. Украина президенті Владимир Зеленский Қырым көпірініне шабуылға Украинаның қатысы жоқ деп мәлімдеген.
- Соңғы
- Шілде, 04
-
- Шілде, 03
-
-
-
-
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
5 шілде 2025
5 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар