Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресей әскері Қырым мен Херсон облысы шекарасында окоптар қаза бастады

azattyq.org

Ресей әскері Қырым мен Херсон облысы шекарасында окоптар қаза бастады

Ресей әскері аннексияланған Қырымның солтүстігінде окоптар қазып, спутниктен түсірілген суреттерді де жариялай бастады.Мұндай жаңа бекініс Қырым мен Херсон облысы арасындағы "Джанкой" бақылау-өткізу пункті мен Армянск қаласы маңында да пайда болған.Қорғаныс "бекеттері" Херсон облысында, оның ішінде Гениченск қаласына бара жатқан жолда Новотроицк ауылында да салынып жатыр.Сәрсенбі күні Украинадағы Ресей әскеріне жетекшілік ететін генерал Сергей Суровикин армияны жабдықтау қиындығын алға тартып, әскерді Херсон қаласынан Днепрдің оң жағалауына алып кетуге рұқсат сұрады. Шойгу бұл ұсыныспен келісіп, әскерді Днепр өзеніне қарай әкетуді бұйырды. Демек бұл Ресей әскері Украинаның Херсон қаласында берілді деген сөз.Оккупациялаушы билік осыған дейін тұрғындарға Днепрдің оң жағалауына өтуді ұсынған. Бұған қоса, Херсоннан ресейлік мемлекеттік ғимараттар, совет және ресейлік қайраткерлерге қойылған ескерткіштер көшіріліп, князь Григорий Потемкин-Таврическийдің күлі де әкетілген. Әкімшілік ғимараттардан Ресей туы алынған.Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Михаил Подоляк әзірге Ресей әскері Днепрдің оң жағалауынан жылжымағанын айтты. Украина президенті Владимир Зеленский сәрсенбі күнгі видеомәлімдемесінде "бүгін қуанышты жаңалықтар көп екенін", алайда барынша салмақты болуға үндеді."Қарсылас жақ бізге сыйлық жасамайды. Оның бәріне өзіміз күш салып жатырмыз" деді Зеленский. Оның айтуынша, украин әскері алға жылжи береді, бірақ барынша сақтықпен қозғалады. Ол сонымен бірге Ресейге Кахов су электр станциясын жармауды ескертті.Ресей әскері Херсонды наурыздың басында басып алған. Херсон "арнайы операция" кезінде орыс күштерінің бақылауына өткен Украинадағы жалғыз облыс орталығы. Мамыр айында "Единая Россия" бас кеңесінің хатшысы Андрей Турчак Ресей Херсонда "мәңгі" қалады деп мәлімдеген еді. Қыркүйек соңында украин әскерінің қарымта шабуылынан кейін оны Ресейге қосу туралы "референдум" өткен. Қазан басында Ресей билігі Херсон облысын аннексияланғанын жариялаған. Аннексияны Украина, БҰҰ елдерінің басым бөлігі мойындаған жоқ. Ресей әскерін Днепрдің оң жағалауына алып кеткеннен кейін Херсон облысында украин жағы бақылауға алған аумақ облыстың жартысына жеткен.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024