Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Пентагон: Соғыста шамамен 100 мың ресейлік жауынгер қаза болған не жараланған. Украинаның шығыны да соған ұқсас

azattyq.org

Пентагон: Соғыста шамамен 100 мың ресейлік жауынгер қаза болған не жараланған. Украинаның шығыны да соған ұқсас

Пентагон мәліметіне сүйенген АҚШ штаб жетекшілерінің біріккен комитетінің басшысы Марк Милли Украинадағы соғыста 100 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер қаза болған және жараланған деп мәлімдеді. Украина қарулы күштерінде де сонша адам шығыны болғанға ұқсайды, деді америкалық генерал.Оның айтуынша, Украинада шамамен 40 мың бейбіт азамат қаза болған. "Бұл орасан қасірет" деді Милли.Соғыс жағдайында мәліметтерді тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.Украинадағы соғысты дипломатиялық жолдар арқылы шешу мәселесіне тоқталған генерал Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде тараптар келіссөзден бас тартқаннан кейін жағдай ушығып, миллиондаған адам ажал құшты деді. "Сондықтан келіссөз жүргізу мүмкіндігі бар кезде, бейбітшілікке қол жеткізу мүмкін болса, сол сәтті пайдаланыңыздар" деді генерал Милли.Соғыс жағдайында тараптар қарсылас жақтың шығынын көбейтіп, өзінікін азайтып, ақпараттарды бұрмалауға бейім.Ресей адам шығыны туралы мәлімет жарияламаған. Украина қарулы күштері бас штабының 9 қараша күнгі мәліметі бойынша, соғыста 77 мыңнан астам ресейлік әскери қызметкер опат болған.Ресей қорғаныс министрлігі соңғы рет 21 қыркүйекте адам шығыны туралы мәлімет берді. Ол кезде 5937 орыс солдатының қаза тапқанын айтқан.Британдық BBC-дің Орыс қызметі мен "Медиазона" және еріктілер тобы Украинада қаза болған орыс солдаттарының тізімін жасаған. Қарашаның басындағы мәлімет бойынша, онда соғыста опат болған 8300-ден адамның аты-жөні бар.Киев те соғыста қанша әскерінен айырылғанын хабарламаған. Шілде ортасында қорғаныс минитрлігінің өкілі адам шығынын хабарлау "жауға жұмыс істегенмен пара-пар" деп мәлімдеген. Жаздың басында украин билігі соғыста шамамен он мың украин жауынгері қаза тапқанын хабарлаған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024