Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

WSJ: АҚШ Украинаға Оңтүстік Кореядан снарядтар алып береді

azattyq.org

WSJ: АҚШ Украинаға Оңтүстік Кореядан снарядтар алып береді

Оңтүстік Кореяда өндірілген артиллериялық снарядтар Вашингтон мен Сеул арасында жасалға ерекше келісім аясында Украинаға беріледі. Бұл жөнінде Ақ үйдегі дереккөзге сүйенген Wall Street Journal басылымы жазды.Газеттің ақпаратына қарағанда, АҚШ Оңтүстік Кореядан 155 миллиметрлік гаубицаға арналған 100 мың снаряд сатып алады. Мамандардың айтуынша, бұл бірнеше апта қызу шайқас жүргізгенге жетеді. Мұндай келісім Киевке қару-жарақ тасымалдаудан жария түрде бас тартқан Сеулдің ұстанымына қайшы келмейді. Оңтүстік Корея бір мезетте оқ-дәрі қоры жылдам сарқылып бара жатқан одақтасы АҚШ-қа қол ұшын созып отыр.Басылымның мәліметінше, екі елдің қорғаныс министрлері арасында келісім жасалған. Бұған дейін Солтүстік Кореяның Ресейге артиллериялық снарядтар тасымалдағаны белгілі болған. Бұл Ресейдің де, АҚШ-тың әскери-индустриялық база мүмкіндігі шектелгендігінен хабар береді.Қыркүйекте Польша Оңтүстік Кореямен құны шамамен 6 млрд доллар болатын келісімге қол қойып, құжат аясында танк, гаубица, зымыран жүйелеріне қол жеткізген. Мұндай келісімнің арқасында Варшава өз армиясының әскери қуатын сақтай отырып, Украинаға қару-жарақ жеткізе алады.Сеул бұған дейін Украинаға оқ өтпейтін кеудешелер, каскалар мен дәрі-дәрмек жіберген. Ресеймен жақсы қарым-қатынасын сақтағысы келген Сеул Киевке қару-жарақ бермейтінін айтқан.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024