Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық!

alashainasy.kz

Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық!

7-арнадан бір әнші баланың концерті болып жатыр. Әлгі баланың ән айтып жүргеніне 15 жыл болыпты. Құдай ақы, бір әнін білмеймін. Өзі өзбек пе, ұйғыр ма — сондай бір ұлттың төлі. Әйтеуір, қазақша ән айтқанымен, қазақша сөйлемейді. Ал енді ән әлеміндегі он бес жылдығы дүркіреп өтуде. Зал толы халық... Өкінішті. Әлгі әншінің концертін ТВ-дан тамашалап, үйінде Нұрғали Нүсіпжанов отыр. Жасы биыл — 85-те. Сахнада сайран салғанына — 65 жыл. Нұрағам бүгін де бабында. Бірақ неге екені белгісіз, елеусіз қалып барады. Мерейтойы да, сахнадағы 65 жылдығы да атаусыз қалды. Неге?Нұрағаң — өзімен замандас, тұстас композиторлардың әндерін қалың елге әйгілеген балкөмей әнші. Қаншама ұрпақ Нұрғали Нүсіпжанов салған әндердің әлдиі мен рухына бөленіп өсті десеңізші! Сондай тұлға осы күні көзден таса, көңілсіздеу ғұмыр кешуде.Жақсыңды жабырқатпа, ағайын! Нұрағаңа лайықты құрмет жасайық! Тектес:
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024