Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

1 желтоқсанда Таразда «Сергек» камералары жұмыс істей бастайды

zhambylnews.kz

1 желтоқсанда Таразда «Сергек» камералары жұмыс істей бастайды

Тараз қаласында 1 желтоқсанда қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылады. Бұл туралы «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. «Жамбыл облысының орталығында биыл 1 желтоқсаннан бастап қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесі іске қосылады. Тараз қаласында жоба бойынша 1 250 жалпы бақылау камерасын орнату қарастырылған. 48 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жылдамдықты асыру, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кету, жолдағы қозғалысты реттейтін жолақтарды бұзу – жүйеге тіркелетін болады. Жол ережесін бұзуды тіркеу автоматты режимде жүзеге асады. Төленген айыппұл қала бюджетіне бағытталады. Ұйғарымдарды erap-public.kgp.kz, egov.kz сайттарынан ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, жүктеп алуға болады. Сонымен қоса «Kaspi» мобильдік қосымшасындағы мемлекеттік қызметтер бөлімшесінен де табу мүмкіндігі бар», — деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен. Әкімдік дерегінше, барлық ереже бұзу жағдайлары бірден Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы тіркеу комитетінің әкімшілік істер бойынша бірыңғай реестріне түседі.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024