Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда полиция Шыңжаңдағы туыстарын іздеп жүрген қазақтарды ұстады

azattyq.org

Алматыда полиция Шыңжаңдағы туыстарын іздеп жүрген қазақтарды ұстады

5 желтоқсанда Алматыдағы полиция Шыңжаңдағы туыстарын босатуды талап еткен төрт адамды ұстады. Ұсталғандардың арасында Халида Ақытхан мен Ақиқат Қалиолла бар. Олар Қытай консулдығы маңында талаптарын айтпақ болғанда ұсталған. Желіде тараған видеода полиция оларды Қытай консулдығына өткізбегені байқалады.Наразылық орнына келген әкімдік өкілі "акция туралы ескертілмегендіктен бұл шараның заңсыз" екенін айтты.Желіде тараған видеода полиция наразылыққа келгендерді көлікке салып алып кеткені байқалады. Шарадан Facebook парақшасында тікелей эфир жүргізген белсенді Байболат Күнболатұлының сөзінше, полиция қызметкерлері Гүлпия Қазбекті тоқтатқан.Азаттық Алматы қаласы полициясына Шыңжаңдағы туыстарына араша түсіп жүрген адамдардың ұсталғанына байланысты ақпарат алмаққа бірнеше рет хабарласқанымен, жауап болмады.Шыңжаңдағы туыстарына араша сұрап жүрген топтың Алматыдағы Қытай консулдығы алдында 667-күн наразылық өткізді. Олардың наразылығы 2021 жылдың ақпанынан басталған еді. Кейінгі уақытта полиция оларды консулдық қақпасына жолатпай жүр. Наразылық ұйымдастырып жүргендер "Шыңжаңда туыстарымыз үйқамақта я түрме, лагерьде. Олар жақындарымызды Қытай билігі Қазақстанға жібермей отыр" дейді.Қытай консулдығынан наразылардың алдына осы күнге дейін бірде-бір адам шықпаған. Қытайдың Қазақстандағы ешгісі Чжан Сяо 2021 жылы наурызда Шыңжаңда ұсталғандар "Қытай азаматы" және "Қытай заңын бұзғандар" деген. Наразылар елшінің бұл сөзін сынға алып, оны елден шығаруды талап еткен.Қытай консулдығы алдында наразылыққа шығып жүргендер "бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен бірнеше рет айыппұлмен жазалғанған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024