Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ЮНЕСКО Қожанасыр әзілдерін әңгімелеу дәстүрін дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосты

azattyq.org

ЮНЕСКО Қожанасыр әзілдерін әңгімелеу дәстүрін дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосты

ЮНЕСКО "Жібек тоқымашылығы дәстүрі " мен "Қожанасыр әзілдерін әңгімелеу дәстүрін" дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосты. Мұндай шешім Марокконың Рабат қаласында өткен ЮНЕСКО-ның рухани мәдени мұра жөніндегі халықаралық комитетінің 17-сессиясында қабылданған. Бұл жөнінде Азаттық радиосының Тәжік қызметі - "Радио Озоди" жазды.ЮНЕСКО-ға алғашқы өтінішті Тәжікстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Түрікменстан, Түркия мен Өзбекстан түсірген. Одан кейін Тәжікстан Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанмен бірге тағы да өтініш берген."Жібек тоқымашылығы дәстүрі" мен "Қожанасыр әзілдерін әңгімелеу дәстүрінің" дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне қосылғаны тәжік халқының бай да көне мәдениетін халықаралық деңгейде насихаттау және қорғау жолындағы маңызды жетістік" дейді Тәжікстан сыртқы істер министрлігі.Қожанасырдың өткір әрі күлкілі қалжыңдары мен әжуалары түркі және парсы халықтарына арасында кеңінен тарап, жағымды образға айналған. Қожанасыр туралы әңгімелер бүкіл Орталық, Кіші және Алдыңғы Азия, Араб елдері, Грекия, Румыния, Сербия, Еділ бойы, Кавказ халықтары фольклорында кездеседі, онда Қожанасыр Молла Насреддин, Қожа Насреддин, Насреддин Әпенді деген аттармен кең тараған.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024