Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Германия Украинаға 88 "Леопард" танкісін береді

azattyq.org

Германия Украинаға 88 Леопард танкісін береді

Германия Украинаға запастағы "Леопард 1" танкілерін экспорттауға рұқсат берді. Бұл жөнінде 3 ақпанда Германия үкіметінің өкілі Штеффен Хебештрайт мәлімдеді. Берілетін танкілер саны – 88, олар өндіруші Rheinmetall компаниясының қоймасында тұр. Хебештрайттың айтуынша, танкілер жуырда жеткізіле бастайды."Леопард 1" – Германия қарулы күштеріне тиесілі негізгі танк түрінің бұрынғы моделі. 1980 жылдардың ортасынан бері олар мүлде шығарылмайтын болған. Олардың орнын "Леопард 2" басты. Алайда көптеген елдердің қарулы күштері "Леопард 1" әлі де пайдаланады. Украинаға берілетін 88 танкінің құны 100 млн еуродан астам деп айтылады.Süddeutsche Zeitung басылымының жазуынша, "Леопардтардың" ескі моделі өзге калибрдегі снарядтарды пайдаланғандықтан оқ-дәрі жағынан тапшылық туындауы ықтимал. Украинаға әскери көмек беріп жатқан елдер бұл мәселені шешуге күш салады.Қаңтар айында Германия Украинаға "Леопард 2" танкілерін беретінін мәлімдеген. Киевке кемінде 112 неміс танкісі берілуі мүмкін. Олар Украинаға екі-үш ай ішінде жеткізіледі. Киев пен Берлин танкілер Ресейдің халықаралық қауымдастық мойындаған аумағында пайдаланылмайтынын айтқан. Техника Украина жерін азат ету үшін ғана қолданылады.Осыған дейін АҚШ та Украинаға "Абрамс" сериялы танкілердің 31 данасын беруге әзір екенін мәлімдеген.Ресейдің Германиядағы елшісі Сергей Нечаев Берлиннің танк беру туралы шешімін "өте қауіпті" деп атаған. Оның пікірінше, мұндай шешім соғысты жаңа деңгейге шығарады, бұл неміс саясаткерлерінің Германияны соғысқа араластырмау туралы мәлімдемесіне де қайшы.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 наурыз 2024