Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты шұғыл желі ашылды - СІМ

alashainasy.kz

Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты шұғыл желі ашылды - СІМ

Сыртқы істер министрілігінің ресми өкілі Айбек Смадияров БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде Қазақстан азаматтары мен олардың туыстарына арналған шұғыл желі ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «ҚР Сыртқы істер министрлігінде 72-05-00 нөмірі бойынша жедел желі ашылғанын хабарлаймыз. Осы телефон арқылы азаматтарымыз бен олардың туыстары көмек сұрай алады. Бұдан басқа жақын арада Түркиядағы Қазақстанның дипломатитялық өкілдіктерінің шұғыл байланыстары қосымша жарияланады. Барлық келіп түскен ақпараттар қосымша тексеріледі», - деді Айбек Смадияров. Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2 921 адам екені хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, апатан зардап шеккендер саны 3 419-ға жеткен. Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ 41 құтқарушысы апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға жетті. Қазіргі таңда Түркияда қалған Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге әкету шаралары жүргізіліп жатыр. Елге қайтамын деген Қазақстан азаматтары 7 ақпан сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп, дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін +90 538 8807041, +90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек. Айта кетсек, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді. ҚазАқпарат
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 наурыз 2024