Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Бізде жер сілкінсе, халық сапасыз салынған үйлердің астында “Үлкен мола” болып қалатын шығар" - Айгүл Орынбек

kaz.caravan.kz

Бізде жер сілкінсе, халық сапасыз салынған үйлердің астында “Үлкен мола” болып қалатын шығар - Айгүл Орынбек

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. "Бізде салынып жатқан үйлердің сапасы жер сілкінісі түгілі, қатты жел тұрса шыдамайды! Жер сілкінсе, бітті…! Халық сапасыз салынған үйлердің астында “Үлкен мола” болып қалатын шығар! Жер сілкінбей-ақ құлап, жарылып жатқан үйлердің қабырғасын күнде көріп жүрмін! Ең сапалы деп алған үйімнің өзі - сапасыз болып шықты. Жазбаған жерім қалмады, құрылыс компанияларын тексеруге ешкімнің құзыреті жоқ! Себебі, компаниялардың бәрі дерлік - үлкен-үлкен шенеуніктердің туысқандарына тіркелген! Мемлекеттен миллиардтап тендерін алып, сапасыз үйлерін салып, “бөлісетіндермен” бөлісіп, ішіп-жеп, дым білдірмей беттері быттыйып, талтаңдап жүр! Арыз жазсаң - “жеңе алмайсың, артында бір “Дәу” тұр “, - деген әңгімесін алға тартып, прокуратура сыпайы түрде шығарып салады. Сосын Заңды қадағалап отырғандар осылай деген соң, деп… басың салбырап қайтады! Түркиядағы жағдайдан біздің ел сабақ алу керек! Үйлердің жанына жабыстырып үй салып, қауіпсіздік шараларын сақтамай, ақшаға құнығуды доғару керек! Апат деген - айтып келмейді! Адам өмірі мен қауіпсіздігі - әрқашан бірінші орында тұру керек! Сапасыз үй салып, құрылыстан жеген ақшаларыңа мешіт салғаннан - күнәләрің жойылмайды! Түрмеден қорықпасаңдар да, Құдайдан қорқыңдар", - деп жазды Айгүл Орынбек.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 сәуір 2024