Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Bloomberg: Пригожин жалдамалы әскерін Украинадағы соғыстан алып кетпекші

azattyq.org

Bloomberg: Пригожин жалдамалы әскерін Украинадағы соғыстан алып кетпекші

"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин жалдамалы әскерін Украинадағы соғыстан алып кетіп, бұрынғыша Африкаға басымдық беруге оқталып отыр. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар дереккөздерге сүйенген Bloomberg агенттігі хабарлады.Агенттік дереккөзінің айтуынша, ресейлік жоғары лауазымды тұлғалар мен қорғаныс саласының шенеуніктері Пригожиннен қауіптеніп отыр. Пригожинге түрмедегі тұтқындарды соғысқа тартуға тыйым салғаннан кейін "Вагнерде" соғысқа адам жетпей, қақтығыс аймақтарында оқ-дәрі тапшылығына да ұшыраған.Bloomberg дереккөзінің айтуынша, ресейлік әскер басшылары президент Владимир Путинмен әңгіме кезінде "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының тиімділігіне күмән келтірген.Bloomberg-тің жазуынша, Пригожиннің жалдамалы солдаттарын Африкаға жібергеніне дәлел жоқ, алайда солдаттарды жарты жыл Украинадағы соғысқа, 9-14 ай Африкаға алып жатқаны туралы хабарландыру жарияланған.Агенттік хабарлама қайда жарияланғанын нақтыламаған. Азаттық радиосы ресейлік әлеуметтік желілерден ондай хабарламаларды таппады.Ал Пригожин ақпаратты терістеген. "Bloomberg нені айтып отырғанын білмеймін, бірақ олар біздің не істейтінімізді менен де жақсы білетін сияқты. Әзірше біз өз елімізге керекпіз, Украина аймағында соғысып жатырмыз" деп жазылған "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы таратқан хабарламада."ЧВК Вагнер" ("Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы) – Ресейдің бейресми әскери бөлімшесі. Бұл бөлім әскери құрылымдардың балансы мен заңды тұлғалардың реестрінде жоқ. Бірақ оның жауынгерлері Сириядағы, Африка елдері мен Украинадағы соғыс әрекеттеріне қатысып жүр. Ресей заңы жеке әскери компаниялардың жұмыс істеуіне тыйым салады.Былтыр көктемде Ресей армиясы Украина аумағында бірнеше рет жеңіліске ұшыраған соң, "Вагнер" Ресей түрмелеріндегі тұтқындарды соғысқа тартып, Украинаға жібере бастаған. Соғысқа тартумен Владимир Путинге жақын кәсіпкер, "Вагнерді" құрушылардың бірі Евгений Пригожиннің өзі айналысқан. Ол елдегі ондаған түрмені аралап, тұтқындарға соғысқа қатысуды үгіттеген. Пригожин "Вагнерді" құрғанын 2022 жылы қыркүйекте ғана мойындаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
23 сәуір 2024