Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

RSF: Қазақстанда журналистер әлі күнге дейін сайлаудан еркін ақпарат тарата алмайды

azattyq.org

RSF: Қазақстанда журналистер әлі күнге дейін сайлаудан еркін ақпарат тарата алмайды

"Шекарасыз тілшілер" (Reporters sans frontières — RSF) ұйымы Қазақстанда кезектен тыс парламент сайлауы қарсаңында және сайлау кезінде кәсіби міндетін атқарған ондаған журналист түрлі тосқауылдарға кезіккенін мәлімдеді. Ұйым Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты "еркін ақпарат таратудағы кедергілерге нүкте қою үшін" күш салуға үндеді.Штаб-пәтері Парижде орналасқан ұйым 23 наурыз күнгі мәлімдемесінде RSF тілшісі Жанна Байтелова "парламент сайлауы қарсаңында сайлау заңнамасын бұзғаны үшін кінәлі" деп танылғанын жазған. Ұйымның жазуынша, журналист қала халқынан "сайлауға барасыз ба?" және "сайлау алдындағы ахуал жөнінде" сұраған. 20 наурызда осы шағын сауалнама "Республика" басылымында жарияланғаннан кейін үш күннен соң оған 51 750 теңге (шамамен 113 доллар) көлемінде айыппұл салынған. Журналист шешімді апелляцияға бермек."Журналистерге сайлаудан ойдағыдай ақпарат таратуға кедергі жасайтын мұндай әдіс-тәсілдер Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Жаңа Қазақстан" туралы уәделері тайғанақтап жатқанын көрсетеді. RSF президентті уәдесінде тұрып, баспасөз еркіндігін қорғау шараларын қабылдауға, өзіне деген халықтың сенімін жоғалтуға жол бермеуге шақырады" деді RSF ұйымының Шығыс Еуропа және Орталық Азия бөлімінің жетекшісі Жанна Кавелье.Ұйымның жазуынша, "Уральская неделя" сайтының редакторы Тамара Еслямова да "заңсыз сауалнама жүргізді" деп негізсіз айыпталған.Бұған дейін қазақстандық "Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы сайлау күні журналистердің құқығын бұзу бойынша 9 факт тіркеген және ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтіру талпыныстары байқалғанын айтқан. Мысалы, ондай фактілер арасында сайлау учаскесінде дауыс бергендер санын айтпау, сайлау комиссия мүшелерінің журналистерге учаскеде фото-видео жүргізуін шектеу сияқты жайттар бар.Мәжіліс және мәслихат сайлауы қанды Қаңтар оқиғасынан кейін бір жылдан астам уақыт өткенде болды. Ол президент Тоқаев көптен бері уәде етіп келе жатқан демократиялық тұрғыда жаңару басталғанын көрсетуі тиіс еді, деп жазды RSF мәлімдеимесінде.ОСК алдын ала мәліметі бойынша, мәжілістегі орындардың басым бөлігін "Аманат" партиясы алған. Президент Тоқаев кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауынан кейін "елдің саяси жүйесі толық жаңаланып бітті" деді. Ал аймақта сайлауға қатысқан өзін-өзі ұсынған кандидаттар сайлаудың алдын ала нәтижесін жоюды талап еткен. Олар билікшіл кандидаттардың мүддесіне қарай заң бұзылғанын айтқан.Халықаралық ұйымдар Қазақстанды сөз еркіндігі шектелген мемлекеттер санатына жатқызады. Республика "Шекарасыз тілшілер" ұйымының баспасөз еркінді индексінде 180 ел ішінде 122-орында тұр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
27 сәуір 2024