Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Биліктің кесірі": 9 жылдан соң Германиядан аяғы кесіліп, екі бүйрегі істемей келген режиссер Болат Атабаевқа қатысты шәкірті тың деректер айтып берді

kaz.caravan.kz

Биліктің кесірі: 9 жылдан соң Германиядан аяғы кесіліп, екі бүйрегі істемей келген режиссер Болат Атабаевқа қатысты шәкірті тың деректер айтып берді

Ол бұл туралы "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. "Елге келе жатқанда маған хабарласты "Келгеннен соң ешқандай қауіп жоқ па?" деп сұрадым. Болат аға "Мүгедек шалды не істейді?" деді. Бір аяғы кесіліп келе жатыр ғой. Келді. Күтіп алдық. Денсаулығы бұрынғыдай емес. Жағдайы қиын. Екі бүйрегі жұмыс істемейді. Үйінің жанындағы гемодиализ орталығына шәкірттері күнара кезектесіп алып тұратын болдық", - дейді ол. Жаңаөзендіктерге барып көмектесіп, Челахтың барлық сөзін сөйлеп жүрген кезде түрмеге қамалды. Оны кейін Ермек Тұрсынов шығарып алды. Болат аға Америкаға барып ерікті адамдардың форумында сөз сөйлеп, биліктің жүйесін сынаған. Онан кейін адвокаты хабарласып "Сіз келмей-ақ қойыңыз. Сізге қайтадан іс ашылып қойды. Келген бетте сізді отырғызады" деген. Содан Болат аға Германияда қалып қалды. Сондай керемет білімді, реформатор, новатор дейміз. Бүткіл театр саласының мамандары ол кісіні мойындайды. "Қарагөз", "Мәңгілік бала бейне", "Абылай хан" сияқты қандай керемет дүниелерді алып келген маманды шетке ысырып тастады. Ол кісінің басындағы білімін алуға болатын еді. 9 жылдың ішінде қаншама керемет мамандар даярлап шығуға болар еді. Болат ағаны мен Махамбетке ұқсатамын. "Мені елден айырған хан Жәңгірдің тепкіні" деген. Болат ағаны да туған жерінен айырған биліктің кесірі болып тұр ғой", - деген ол. Режиссер дүниеден өтерінің алдында театрын қайта құрып бермек болғандар табылып, алайда "Ол үшін Тоқаевқа хат жазуыңыз керек. Оны газетке басамыз" деп шарт қойғаны туралы айтқанын жеткізді. ""Роза Мұқанова, Жүсіпбек Қорғасбек хабарласты. "Сізге "Ақсарай" театрын қайтадан құрып берейік. Сіз Тоқаевқа хат жазыңыз. Оны біз газетке басамыз. Астына бүкіл зиялылар қол қоямыз" деп айтты. "Қалай қарайсың Азамат?" деп сұрады. "Ең бірінші денсаулығыңызды ойлауыңыз керек. Өз позицияңызда тұрып, ешкімге хат жазбағаныңыз дұрыс" дедім", - дейді. Сондай-ақ актер Азамат Шарғын "Болат Атабаевтың әйелін аса ықпалды адамның қаратып алғаны рас па?" деген сауалға да жауап берді. "Естідім. Бірақ ол туралы тіпті әрі қарай үңіліп бармаппын. Ол жайында мүлде сөйлеспейтінбіз. Бірақ, әлеуметтік желіден көріп қаласың. Кім қандай қадам жасаса да, қандай жиіркенішті іске барса да өзінің дүниетанымы мен түсінігіне байланысты деп ойлаймын", - деп жауап берді актер.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 сәуір 2024