Ресей қорғаныс министрлігі Украина қарсы шабуылға шыққанын мәлімдеді

Ресей қорғаныс министрлігі маусымның бесіне қараған түні Оңтүстік Донецк бағытының бес учаскесінде Украина қарсы шабуыл бастағанын мәлімдеді. Алайда Украина бұл туралы ақпарат таратқан жоқ. Ұрыс қимылдарының күшейгені туралы тәуелсіз ақпараттар да жоқ.Ресей әскери ведомствосының сөзінше, Украина қарулы күштері стратегиялық резервінде тұрған 23-ші және 31-ші механикаландырылған бригадаларын ұрысқа қосқан, оларға өзге әскери бөлімдер қолдау көрсеткен. Механикаландырылған алты батальон мен екі танк батальоны іске қосылған.Ресей қорғаныс министрлігі "Украина әскері мақсатына жете алмады, тойтарыс берілді. Ресей қарулы күштері бас штабының бастығы Валерий Герасимов бұл кезеңде алғы шептегі пункттердің бірінде болды" деп отыр.Кеше Ресейдің telegram-арналары Украина әскерінің Запарожье мен Донецк облыстарының шекарасына соққа жасағанын хабарлаған. Кей арналар Украина әскері екі елдімекенді алды деп жазған.Соғыс жағдайында бұл ақпараттарды растайын мәлімет алу қиын.
- Соңғы
- Танымал
- Шілде, 02
-
- Шілде, 01
-
- Маусым, 30
-
-
-
- Маусым, 27
-
-
-
- Маусым, 26
-
- Маусым, 24
-
- Маусым, 23
-
-
-
-
- Маусым, 21
-
- Маусым, 20
-
-
- Маусым, 19
-
Басқа жаңалықтар
Күнделікті жаңалықтар
Бүгін,
3 шілде 2025
3 шілде 2025
Тақырып бойынша жаңалықтар
Басқа жаңалықтар