Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Украинада Каховка СЭС-і жарылып, елді мекендерді су ала бастаған. Ресей мен Украина бірін-бірі кінәлады

azattyq.org

Украинада Каховка СЭС-і жарылып, елді мекендерді су ала бастаған. Ресей мен Украина бірін-бірі кінәлады

Украинаның Херсон облысындағы Каховка су электр станциясы жарылып, төңірегін су ала бастаған. Бұл жөнінде билік құрылымдарының ақпаратына сүйеніп, ТАСС хабарлады.Бұған дейін Baza және Shot телеграм-арналары Каховка СЭС-і жарылғанын хабарлаған. Олар бөгетті "украин әскери қызметкерлері" жарғаны туралы фотосуреттер мен видео таратқан.Новая Каховка мэрі Владимир Леонтьев Каховка СЭС-і жарылғаны туралы ақпаратты "сандырақ" деп, теріске шығарғанын "РИА Новости" хабарлады. Оның сөзінше, "түнгі соққылардан су өткізетін қақпа бұзылып, су қатты екпінмен ағып жатыр".Жергілікті биліктің айтуынша, су бес сағаттан соң қауіпті деңгейге жетеді. Қазір су алған қауіпті аудандардан жергілікті тұрғындарды эвакуациялау басталған.Каховка СЭС-і жарылғаны туралы ақпаратты Украина қарулы күштерінің "Оңтүстік" әскері растаған. Олар Ресей әскерін кінәлаған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024