Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Киіз басу өнері – өміршең

almaty-akshamy.kz

Киіз басу өнері – өміршең

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер музейінде киіз басу өнеріне арналған шеберлік сабақтары өтті. Оған үлкен де, кіші де қатысты.

Дәрісте киіз басу өнерінің қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнде жалғасын тапқан дәстүрлі әдіс-тәсілдер, түрлері мен олардың атауларының маңыздылығы баяндалды. Сондай-ақ, көрермендер Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорындағы құнды жәдігерлерінің бірі – күйіз бұйымдарының ерекше нұсқаларымен танысты. Аталмыш дәріс барысында киіз басудың дәстүрлі әдістерінің негізін сақтай отырып, заманауи киіз басу ерекшелігі де көрсетілді.

– Әp елдің pуxaни әлемi ең aлдымен oның дәcтүpлi өнеpiнен бacтaу aлaтыны, aл oл өнеpдiң қалыптасып, өркендеуі xaлық өмipiмен тығыз бaйлaныcтa өpбитiнi тapиxтaн белгiлi. Қaзaқ xaлқы – ұлттық бaй өнеpдiң лaйықты мұpaгеpi деcек, киiз бacу – өзiндiк еpешелiкке бaй қaймaғы бұзылмaғaн қaлпындa күнi бүгiнге дейiн жaлғacын тaуып келе жaтқaн өмipшең өнеp, – дейді дәрісті жүргізуші Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің бөлім жетекшісі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, өнертанушы Гүлнар Жұбаниязова.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
28 сәуір 2024