Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Таза Қазақстан»: облыста тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

zhambylnews.kz

«Таза Қазақстан»: облыста тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағы абаттандырылды

«Таза Қазақстан» республикалық акция аясында өңірде «Таза ауыл. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда.

Ауқымды шараның екінші аптасы тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналған.

Мәселен, Тараз қаласында «Таза өлке» апталығы аясында көп қабатты үйлердің аулаларына, қала көшелеріне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 2 175 ағаш көшеттері отырғызылған.

Шаһарда «Киелі мекен» екінші апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштердің маңын абаттандыру жұмыстары ұйымдастырылып, 5 146 ағаш көшеттері мен 500 гүл егілді.

Т. Рысқұлов ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылды. 3000 мыңнан астам аудан тұрғыны 81 тарихи-мәдени ескерткіш орналасқан саябақтар және аллеялар маңына абаттандыру, сондай-ақ ЮНЕСКО-ның бүкіл әлемдік мұралар тізіміне енген Құлан қалашығының қоршауын сырлау, әктеу және шөбін шабу жұмыстарын жүргізді. Апталық барысында барлығы 300 тал-дарақтар отырғызылып, 200 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылды.

Мойынқұмдықтар батыр Биназар Ақеділұлының ескерткіші аумағын абаттандырды. Акцияға 30-ға жуық адам қатысты.

Жамбыл, Жуалы аудандарының тұрғындары ҰОС ардагерлеріне арналған ескерткіш аумағына сенбілік жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық акциясының келесі апталығы «Жасыл аймақ» деп аталады. Өңірде көшет отырғызу, ағаштарды әктеу шаралары қолға алынатын болады. Осыған сәйкес Тараз қаласы мен барлық аудандарда тазалық жұмыстары апта бойы жүргізіледі.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
3 мамыр 2024