Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Түркістанда ХҚКО қызметкерлері ҰОС ардагердің үйінің...

turkistan.today

Түркістанда ХҚКО қызметкерлері ҰОС ардагердің үйінің...

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері Немет Абдрасиловтың үйінің ауласына абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара Жеңіс күні және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясының "Өнегелі ұрпақ" апталығы аясында өтті,-деп хабарлайды turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Түркістанда дүниеге келген Немет Абдрасилов 23 жасында майданға кетіп, Берлинге дейін жеткен. Зеңбірекші және Рейхстаг шабуылына қатысушы. Ардагер Отан соғысы орденінің, I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерінің, «Қызыл Жұлдыз» орденінің және жиырмадан астам медаль иегері. «Біз ардагерлерімізді еске алып, мақтан тұтамыз, бұл көмек олардың жанқиярлығы үшін терең алғысымыздың аз ғана бөлігі», – деді Түркістан облысындағы мемлекеттік корпорация филиалы директорының орынбасары Нұрзат Бураев. Сенбілікке қатысушылар тазалық жұмыстарын жүргізіп, Немет Абдрасиловтың үйінің жанындағы гүлзарларды ретке келтірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024