Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

ktk.kz

10 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Астанада көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, кей жерлерде бұршақ жауады, жел 7-12 м/с күшейеді. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +16...+18°C.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +19...+21°C.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.

Ақтөбеде күн ашық, жауын-шашынсыз, жел 1-6 м/с, екпіні 10 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +11...+13°C. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында аяз күтіледі.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +15...+17°C.

Жезқазған қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +9...+11°C, күндіз +20...+22°C. Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай күтіледі.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +18...+20°C. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +13...+15°C. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +31...+33°C. Батыста, облыстың таулы аймақтарында найзағай күтіледі.

Қостанайда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +12...+14°C.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +23...+25°C. Облыстың оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +21...+23°C. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Петропавлда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14, екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +13...+15°C. Облыстың шығысында найзағай күтіледі.

Семейде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +25...+27°C. Облыстың батысында және солтүстігінде найзағай күтіледі.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +32...+34°C.

Таразда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 9-14, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +20...+22°C. Оңтүстікте, облыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, бұрқасын күтіледі.

Түркістанда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, жел 8-13, екпіні 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +23...+25°C. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, көктайғақ, күндіз таулы аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0...+2°C, топырақ бетінде -2°C дейін, күндіз +11...+13°C. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде үсік күтіледі.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +29...+31°C.

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
20 мамыр 2024