Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атыраулық үш жастағы бала Президенттен алғыс алды

kaz.365info.kz

Атыраулық үш жастағы бала Президенттен алғыс алды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов үш жастағы Дінмұхаммед Жұмажанмен және оның ата-анасымен жүздесті. Бүлдіршіннің қаладағы Атырау ықшам ауданындағы Ораза айт тойланған орынды жинастырып жүрген видеосы әлеуметтік желіде кең тараған еді, – дейді облыс әкімінің баспасөз қызметі. Серік Шәпкенов Дінмұхаммедтің тәрбиесі мен қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігіне риза болып, рақметін айтты. Ол сондай-ақ ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Айбек Дәдебайдың Мемлекет басшысы атынан жолданған хатын табыстады. «Кейде көп сөздің орнына бір ғана істің өзі жетіп жатады. Дінмұхаммед кішкентай ғана ойын баласы болса да, оның әрекеті көпке ой салды. Әлбетте, ол мұны бөгде біреуден көріп емес, өзінің отбасында тазалық пен тәртіптің мәнін түсініп өсіп келе жатқандықтан жасады. Бұл — тек тәрбиенің емес, нағыз отансүйгіштіктің үлгісі. Өз Отанына шын берілгендіктің белгісі. Осындай әрекеттер Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасы уақытша іс-шара ғана емес, әр азаматтың өмір салты болуы қажеттігін көрсетеді. Кішкентай Дінмұхаммедтің жасағаны — тазалықты әркім өзінен бастауы керек деген үндеу», – деді С. Шәпкенов. Дінмұхаммедтің әкесі Ержан Хайрошевтің айтуынша, тұрғындардың бірі ұлын видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. «Біз өзіміздің ықшам ауданда Ораза айт мейрамын кең көлемде тойладық. Ұлымыздың әрекеті бүкіл елдің ықыласына бөленеді деп ойламадық. Оның тілі кеш шықты, сосын балабақшаға бердік. Сол жақтан үйренгені де бар шығар. Өз отбасымызда да тазалыққа мән береміз, сенбіліктерден қалмаймыз. Мен өз ұлымның елдің патриоты боп ер жеткенін қалаймын», – дейді Е. Хайрошев. Кездесу соңында облыс әкімі Дінмұхаммедке естелік сыйлықтар табыстап, ата-анасына алғыс айтты.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2025