Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстанда құқық магистратурасына түсу талаптары қатаңдауы мүмкін

newsroom.kz

Қазақстанда құқық магистратурасына түсу талаптары қатаңдауы мүмкін

– Теориялық білімі мен практикалық дағдысы қатар қалыптасқан кәсіби заңгерлерді дайындау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Бұл жерде бірнеше жайтқа ерекше назар аудару қажет. Біріншіден, қазіргі үш деңгейлі жоғары білім жүйесінде (Болон үдерісі) бакалавриат пен магистратураның мамандықтары міндетті түрде сабақтас болуы талап етілмейді. Соның салдарынан бүгінгі таңда бейінді емес жоғары білімі бар адам да «Құқық» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, оқуын аяқтаған соң толыққанды жоғары заңгерлік білімі бар маман болып саналады, – деді министр. Оның айтуынша, мысалы, техникалық мамандық бойынша (инженерлік) төрт жыл оқыған түлек бір жылдық құқық магистратурасын аяқтап, мамандығын түбегейлі өзгертіп, заңгер ретінде жұмыс істей алады. Ол мемлекеттік қызметте заң шығару процесіне қатысуға, азаматтардың құқығын қорғау үшін адвокаттық қызметпен айналысуға мүмкіндік алады. – Мұндай жағдай құқық саласындағы кадрлардың кәсіби дайындығының жеткіліксіз болуына әкеліп соғады. Сонымен бірге, білім туралы заңда «Құқық» мамандығы бойынша магистр дәрежесін толыққанды жоғары заңгерлік білімге жатқызуға бола ма, жоқ па – бұл туралы нақты анықтама берілмеген, – деді ведомство басшысы. Осыған байланысты министр құқықтық айқындықты қамтамасыз ету үшін осы мәселені қайта қарап, «Құқық» бағытында бакалавриат пен магистратура арасында тікелей байланысты талап етуді ұсынды. Айта кетейік, 2025 жылдан бастап Қазақстанда жоғары оқу орындарында оқуға ақы төлеудің төрт қосымша құралы енгізіледі. Мемлекеттік гранттардан бөлек, негізгі құрал – «Келешек» жинақ жүйесі болмақ. Сонымен қатар, өткен жылы іске қосылған «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы арқылы өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтардың шотына 888 миллион доллар аударылды. Үшінші құрал – пайызсыз білім несиелері, ал төртінші – ішінара гранттар.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2025