Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Хандар шежіресі» XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы ЮНЕСКО тізіміне енді

newsroom.kz

«Хандар шежіресі» XVIII ғасырдың бірегей қолжазбасы ЮНЕСКО тізіміне енді

Қолжазба жазылған қағаз өзінің көлеміне қарай өлшеніп пішілген: ені 45 сантиметр, ұзындығы үш метрден асатын жұқа тоқылған ақ матаға желімдеп жапсырылған. Екі жағы ұршық басына бекітілген, ұршық сабындай арнайы жасалған ағаш таяқшаға оралған. Мұндай әдіс осындай маңызды құжаттарды, қолжазба нұсқаларды арнайы сақтауға оңтайлы. Бұл құнды жәдігер 1964 жылы кітапхана қорына түскен. Қолжазба кітапхананың бұрынғы қызметкері Е.Байболовтың атына С.Б. Кулбасинов есімді азамат жолдаған. Ол өзінің мекенжайын РКФСР, Челябі облысы, Субутах станциясы, Магнитті астық шаруашылығының оңтүстік бөлімі деп көрсеткен. Айта кетелік, «Хандар шежіресі» – тарих пен мәдениеттің сабақтастығын айғақтайтын, ұрпаққа аманат болған асыл мұра.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 сәуір 2025