Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қостанайда салмағы 7 келі болатын сәби дүниеге келді

kaz.365info.kz

Қостанайда салмағы 7 келі болатын сәби дүниеге келді

Қостанайда ерекше жағдай тіркелді: салмағы 7 келіге жуық, бойы 60 см-ден асатын нәресте дүниеге келді. Алып сәбиді облыстық перинаталды орталық дәрігерлері аман-есен босандырып алды. Рауан есімді бала — жас отбасының үшінші перзенті. Үйде оны үш жастағы егіз әпкелері күтіп отыр. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы жақсы, дәрігерлер бақылауында. Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанның бірнеше өңірінде салмағы 6-7 келіге жуық сәбилер дүниеге келіп жатыр. Мұндай балалар медицинада «алып ұрық» деп аталады. Мұндай оқиғалар биыл Шымкент, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында да тіркелді. Тіпті, көршілес Өзбекстанда да салмағы 7 келіден асатын қыз бала туған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
24 сәуір 2025