Қазақстанда жол апатын азайту үшін жолды тарылту әдісі енгізіледі

Ішкі істер министрлігі автожолдардағы апаттардың алдын алу мақсатында жаңа тәсілді – жолды тарылту әдісін қолдануды қолға алмақ. Министрліктің хабарлауынша, бұл әдіс әлемнің дамыған елдерінде, соның ішінде АҚШ пен Еуропада кеңінен қолданылады. «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу шарасы аясында еліміздегі барлық жолдарға талдау жүргізіліп, апат жиі болатын учаскелер анықталды. Осы учаскелерде жол тарылту әдісі енгізіледі», – делінген ведомство хабарламасында. Бұл тәсіл жүргізушілерді жылдамдықты еріксіз төмендетіп, жолда мұқият болуға мәжбүрлейді. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оның шаршап-шаршамағанын бағалайтын болады.
- Соңғы
- Танымал
Күнделікті жаңалықтар
27 сәуір 2025