Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Биыл тарихтағы ең ыстық жаз болуы мүмкін

kaz.365info.kz

Биыл тарихтағы ең ыстық жаз болуы мүмкін

Климаттық зерттеулерге сүйенсек, 2025 жыл әлем бойынша ең ыстық жаздардың бірі болмақ. Температураның көтерілуі салдарынан табиғи апаттардың жиілейтіні күтілуде. 2023 жылы жер шарының 390 миллион гектардан астам аумағын өрт шарпыған. Бразилияда ғана 2,8 миллион гектар тропикалық орман жойылды. Ғалымдардың болжамынша, биыл да Жер шарының жартысына жуығы аптап ыстықтың зардабын тартады. Қатты ыстық әсіресе Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі жағалауы, Таяу Шығыс, Солтүстік және Орталық Америка, сондай-ақ Орталық Азияда байқалмақ. Халықаралық ұйымдар климат өзгерісіне қарсы әрекет етпесе, жағдай ушығуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Қоршаған ортаға таралатын зиянды газдарды жыл сайын 9%-ға азайту арқылы жаһандық температураны 1,5°C-қа дейін төмендету жоспарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
25 мамыр 2025