Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қашаған инвесторлары неге қазақ мұнайын қазаққа бергісі келмейді?

kznews.kz

Қашаған инвесторлары неге қазақ мұнайын қазаққа бергісі келмейді?

Қашағаннан Қазақстанға пайда түсе бастау үшін оның жылдық мұнай өндіру көлемі 3 миллиард баррельден асу тиіс. Бірақ шетелдік компаниядан құралған консорциум – NCOC бұл межеге жетуге асықпай отыр. Себебі, ол шетелдіктерге тиімсіз. Ал қазір біздің Қашағаннан алып отырған үлесіміз небары 2 пайыз ғана деп хабарлайды NEGE.KZ Инвесторлар Қашағанды асықпай, 2060 жылға дейін игермек. Олардың қазіргі қарқынына қарап, Қазақстанның аталған кен орнынан тек 2037 жылы ғана дивиденд түсіре алатынын топшылауға болады. Қашағандағы жасанды «D» аралы. Фото: АқЖайық Қазақстан үшін ол тиімсіз. Біздің еліміздің Қашағандағы қуатты көбейту бойынша тағы инвестиция салу, мұнайдың тәулік бойғы өндірісін еселеп арттыру бойынша талаптарын – NCOC, яғни шетелдік инвесторлар пулы әртүрлі себептерді алға тартып, орындамай келеді. «CNN агенттігінің мәліметінше, Қашаған – ең қымбат энергетикалық жоба. Онығ инвестициялары 60 миллиард доллардан асты, бірақ салық төлемдері өте төмен деңгейде қалып отыр», — деп жазады, «ҚазСервис» одағының бас директоры Нұрлан Жұмағұлов. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев инвесторларға Қашағанды ​​толық көлемде игеру бойынша 2021 жылдың соңына дейін ұсыныс әзірлеу туралы екі рет айтты. Инвесторлар сонда да үнсіз отыр. Өйткені, олар мұнай өндірісін ұлғайтса, шарт бойынша 3 миллиард баррель көлемі келісімдегі өнімді бөлу мерзімінен ерте келетін болады. Инвесторлар қазір Қазақстанға көп ақша салмай, мүмкіндігінше өз қаржыларын қайтарып алу стартегиясын ұстанып отыр. Қазіргі кезде консорциумның құрамына әлемдегі ең ірі және анағұрлым тәжірибелі жеті энергетикалық компания кіреді. Олар: «ҚазМұнайГаз» (16,88%), «Eni» (16,81%), «Shell» (16,81 %), «ExxonMobil» (16,81%), «Тотаl» (16.81%), CNPC (8,33%) және «Инпекс» (7,56%) компаниялары. Осының ішінен шетелдік компаниялардың көздегені бір, ал мемлекет атынан сөйлейтін «PSA» компаниясы мен ҚазМұнайГаздың көздегені басқа болып отыр. Шетелдіктер табысты асықпай сормақ. Біздікілер күткісі келмейді. Олар да табысты бөлуге қатысқысы келіп отыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 мамыр 2024