Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыға BRT желісі керек- Ерболат Досаев

ktk.kz

Алматыға BRT желісі керек- Ерболат Досаев

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы тұрғыны жүрдек автобустар желісі ( BRT - Bus rapid transit) шағымданды. Оның айтуынша, автобус желілерінің кесірінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерінде көлік кептелісі көбейіп, ластану деңгейі артқан. «Автобустар жүретін арнайы желілердегі мәселелерге келер болсақ, қазір оларды қалыпты жағдайға келтіру үшін қайта қарау және оңтайландыру бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шындығында, мұндай автобус желілері әлемнің барлық мегаполистерінде бар, олар тек тиімді жұмыс істеуі керек. Бәлкім, біз сіздермен бірге жасаған қиындықтарға тап болып жатқан шығармыз. Қалаға BRT қажет, мәселе олардың қай жерде және қалай салынуында болып отыр. Сұрағыңыз өте орынды. Жалпы, бізде қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту жоспары бар, онда біздің бұған дейін жіберген қателіктеріміз ескеріліп, алдағы жоспарлар бекітілетін болады», - деді Ерболат Досаев. Қалалық мобилді басқармасының басшысы Ғани Мұрзаханов BRT автобустарымен күніне 120 мыңға жуық жолаушы тасымалданатынын, ал желі арқылы 2 мың автобус өтетінін айтты. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
26 сәуір 2024