Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі баспана бағасына қатысты пікір білдірді

ktk.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі баспана бағасына қатысты пікір білдірді

- Кеше әріптесім Нұрлан Байбазаров сауалдарыңызға егжей-тегжейлі жауап берді. Мемлекет әлеуметтік тұрғын үй бағасының тұрақты болу үшін шаралар қабылдайды. Мұнда біз «Наурыз», «Отау» бағдарламалары және әкімдік нарықтан сатып алатын жалға берілетін үйлер туралы айтып отырмыз. Әрине, мемлекет бағаның жоғары шегін өте қатаң бақылауда ұстайды және өткен жылға қарағандай өзгерістердің орын алуын күтпейміз. Өйткені, үлкен 2 іргелі себебі бар. Бізде үй салуға жұмсалатын құрылыс материалдарының шамамен 70 пайызы цемент бетон, барлық базалық материал жергілікті өнім. Осыған орай бізде әлеуметтік бағдарламалар аясында бағаның жоғары шегін шектеуге мүмкіндік бар. Мемлекет бұл жұмысты жүргізеді, - деді министр БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, жеке баспана нарығында түрлі санаттағы пәтерлер бар. Оларда нарықтық тетіктер жұмыс істейді.

Бұл нарық, сондықтан ештеңені жоққа шығаруға болмайды. Меніңше, нарықтың кейбір сегментінде әрине, мұндай өзгерістер болады. Бірақ, бұл нарықтық экономика. Әр сегменттегі пәтерді сатып алатын өз сатып алушысы болады. Мұндай жағдайда қандай да бір тікелей болдам жасау күрделі болар. Біз мемлекеттің міндетті түрде әлеуметтік баспана бағасын бақылауға бағытталған жұмысына ғана сүйенеміз, - деді Қанат Шарлапаев.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
4 желтоқсан 2024