Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

inform.kz

Өскеменде жолаушылар автобусы өртенді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде автобус өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметінше, бүгін таңертең 08 сағат 40 минутта Буров көшесінің бойында қалалық №13 автобус жолда кетіп бара жатып өртенген. «Кинг Лонг» маркалы автобус қозғалтқышының жылу жүйесінде қысқа тұйықталу салдарынан өрт шыққан. Өрт 1,5 шаршы метрді қамтыған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, «аса қауіпті агрегатты абайсыз қолдану» нұсқасы тексерілуде», - деп түсіндірді ТЖ басқармасынан. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 мамыр 2024