Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Адамды атқан кезде айналасындағылар қарап тұрды» – Мойынқұмдағы қылмыс

aikyn.kz

«Адамды атқан кезде айналасындағылар қарап тұрды» – Мойынқұмдағы қылмыс

27 жастағы күдіктінің 20-калибрлі қарудан оқ атқаны белгілі болды. Қазір оған қатысты «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қылмыс осыдан үш күн бұрын Мойынқұм ауданының орталығында болған. Видеода болған жайт ап-анық көрінеді. Белгісіз біреу көлік жүргізушісін терезеден төпелеп жатыр. Бұзақыны ажыратудың орнына бір топ жігіт жанында қарап тұр. Ал таяқ жеген 27 жастағы жергілікті тұрғын көлігімен қашып барып, қайта тоқтайды. Ол қолына қару алып, өзіне соққы жасаған жігітті атып тастады. Жарақат алған 27 жастағы азамат сол жерде қайтыс болды. Жанжалға нақты не себеп болғаны анықталып жатыр. Ал кісіге оқ атқан күдікті тәртіп сақшыларына «өзі келді» деген бейресми мәлімет бар
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 мамыр 2024