Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

"Сантехник шақыртқан": Алматыда жантүршігерлік қылмыс жасалды (видео)

kaz.nur.kz

Сантехник шақыртқан: Алматыда жантүршігерлік қылмыс жасалды (видео)

Алматыда ер адам үш адамды пышақтап тастады, біреуі алған жарақаты салдарынан көз жұмды. Қашып кетпек болған күдіктіні тәртіп сақшылары қолға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Қылмыс Түрксіб ауданындағы үйлердің бірінде орын алған. Оңтүстік астананың полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ер адам үйде сантехникалық жұмыстарды істеген. Оның еңбегінің ақысын төлеу мәселесіне келгенде жанжал туындапты. Содан кейін қаскөй үйдегі әйел мен оның шешесін, кейін көршісін пышақтап тастаған. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу басталды. Еске сала кетсек, осыған дейін Сарыағашта тұрмыстағы келіншекпен көңіл қосқан жігіттің өлім құшқанын жазғанбыз.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024