Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Каспий жағалауындағы өрт: Тілсіз жауды тікұшақпен сөндіруде (видео)

kaz.nur.kz

Каспий жағалауындағы өрт: Тілсіз жауды тікұшақпен сөндіруде (видео)

Бүгін, 6 қыркүйек күні, таңертең Шымкент қаласынан ұшып шыққан «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы Атырау облысында жанып жатқан қамысты сөндіруге кірісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. Ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, МИ-17 тікұшағы жану ошағына 3 тоннадан 10 рет су шашқан. Сонымен қатар «Қазавиақұтқару» АҚ «Еврокоптер145» тікұшағымен жану аумағын бойлай ұшу жүргізіліп жатыр. Естеріңізге сала кетейік, Атырау облысында Атырау қаласынан 30 шақырым қашықтықта Каспий теңізінің жағалауында жанған қамыс екі аптадан бері сөнбеген. ТЖК елдімекендерге қауіп жоқ екенін, өртті сөндіру жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024