Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон жолдан шығып, екеуі аударылды

inform.kz

Қарағанды облысында көмір тиелген 8 вагон жолдан шығып, екеуі аударылды

БОТАҚАРА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында 8 вагон жолдан шығып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2 қараша сағат 06:00 кезінде Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданындағы Ботақара станциясы темір жол аралығының 27-шақырымында кірме жолда көмір тиелген 8 вагонның доңғалағы жолдан шықты. Оның екеуі аударылды» деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли. Оқиға салдарынан 150 метр темір жол төсеміне зақым келген. Бұл жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ. Ешкім зардап шеккен жоқ. «Разрез «Кузнецкий» ЖШС қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
19 мамыр 2024