Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда Ресейде тіркелген көлік жүргізушісі адам қағып, мерт қылды

inform.kz

Атырауда Ресейде тіркелген көлік жүргізушісі адам қағып, мерт қылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда Ресейде тіркелген көлік қаққан ер адам оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 10 қарашада сағат 20:00 шамасында болған. «Атырау қаласындағы С.Бейбарыс даңғылымен Х.Доспанова атындағы халықаралық әуежайға бара жатқан «Kia Serato» көлігі жаяу жүргіншілер өткелінде адам қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасынан 1981 жылғы ер адам оқиға орнында қаза тапты. Аталған көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде тұрғаны анықталды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен. Ресейлік көліктің рулінде болған 28 жастағы жүргізуші ұсталды. Көлік арнаулы тұраққа қойылды.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
17 мамыр 2024