Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматы облысында су бөгеті жарылды

ktk.kz

Алматы облысында су бөгеті жарылды

Сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу қаупі де жоқ. Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында орналасқа Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлады. Бөгет 21 қарашада сағат 23.13-те жарылды. Бөгеттегі ойықтың ені 5-6 метр, секундына шамамен 30 текше метр су ағып жатыр. Су Қарғалы өзенінің арнасына құйылып, одан әрі Іле ауданындағы Куртинское су қоймасына құяды. "Бөгеттің жарылуы салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Облыстық маңызы бар "Мыңбаев-Қасымбек" тас жолын су шайып кетті. Полиция қызметкерлері жолдағы қозғалысты шектеу үшін бекеттер қойды", - делінген хабарламада.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024