Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қызылордада мал суаруға барған адам суға батып кетті

inform.kz

Қызылордада мал суаруға барған адам суға батып кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында мал суаруға барған 62 жастағы адам канал суына батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оқиға Арал ауданына қарасты Аманөткел ауылында болды. Сол аумақтағы «Жасұлан» каналына мал суаруға барған 1959 жылғы азамат мұздың ойылып кетуі салдарынан каналға суға батып кеткен. Марқұмның жансыз денесін тұрғындар өз күшімен шығарып алған. Төтенше жағдайлар мамандары және полицияға кейіннен хабарланған. «Біз тұрғындардан қысқы уақытта мұзда жүруде сақтық шараларын сақтауды сұраймыз. Қауіпсіздікке баса назар аударылуы қажет», - деді Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова.
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
18 мамыр 2024