Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қарағандыда тұрмыстық жанжал шыққан үйден 5 кг астам марихуана тәркіленді

ktk.kz

Қарағандыда тұрмыстық жанжал шыққан үйден 5 кг астам марихуана тәркіленді

Қарағанды қаласындағы жеке үйлердің бірінде 27 қазан күні тұрмыстық жанжал болған. Оқиға орнына патрульдік полиция полкінің жасағы жіберілді. Онда 55 жастағы үй иесі, азаматшаның 28 жастағы ұлы болған. Екеуі де – Ресей Федерациясының азаматтары. Сонымен қоса, үйде Грузиядан қонаққа келген 53 жастағы азамат та болды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау барысында бөлмелердің бірінен шарада тұрған жасыл түсті, иісі бар, өсімдік тектес затты байқаған. Тәртіп сақшылары жедел шаралар нәтижесінде осы үйдің гаражынан қара полимер пакетке салынған төрт қарасора сабағын және есірткі пайдалану құралдарын тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттары жалпы салмағы 5 келі 200 гр марихуана екені белгілі болды. Ұсталғандарға жүргізілген медициналық куәландыру 28 жастағы азаматтың есірткі пайдаланғанын көрсетті. Алайда, ол өзінің есірткі қолданғанын мойындамады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бізді Youtubе-та қараңыз!Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
11 мамыр 2024