Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Атырауда үстіне ескерткіш құлаған қыз балаға қайтыс болды

kaz.365info.kz

Атырауда үстіне ескерткіш құлаған қыз балаға қайтыс болды

Атырау қаласында 25 маусымда ескерткіш құлап, бір отбасының екі баласы жарақат алған. Балалардың бірі жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда 7 жасар қыз бала көп ұзамай ауруханада қайтыс болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынының мәліметінше, 25 маусымда сағат 21:40 шамасында Атырау қаласында ауа райының күрт бұзылуы салдарынан «Жеңіс» саябағында орналасқан ескерткіш құлап, салдарынан бір отбасының 2015 және 2017 жылы туған балалары Атырау облыстық балалар ауруханасына түскен. «2017 жылы туған қыз бала түрлі ауыр дене жарақатымен түсіп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Сырқатының ауырлығына байланысты тиісті ем-шаралар көрсетілгенмен ол қайтыс болды», – делінген хабарламада. Басқарма өкілдерінің айтуынша, 2015 жылы туған пациентке жарақат бөлімінде ем көрсетілді. Қолы сынғанына байланысты гипс салынды. Амбулаториялық ем қабылдауға байланысты үйіне жіберілді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 шілде 2024