Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеген қыз құлап көз жұмды

kaz.365info.kz

Көпқабатты үйдің терезесінен шығып, билеген қыз құлап көз жұмды

Алматыда жетінші қабаттағы терезеден шығып, би билеп, содан кейін төменге құлаған қыздың видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Қайғылы жағдай 26 маусым күні таңы уақытта Теремки тұрғын үй кешенінде болған. Жас қыз шамамен 6 қабаттағы терезенің ернеуіне тұрып билеген. Оны көрген адамдар оған «құлайсың» деп ескерту жасаған. Таңғы 6-дан аса терезенің сырт ернеуінде билеп, ән салып жатыр. Кейін қолына сыраға ұқсас бөтелкені алады. Ішіндегісін сіміре тауысып, лақтыра салады. Осыдан кейін бойжеткен ішке қарай кіріп тынышталады. Бірақ көп ұзамай жетінші қабаттағы пәтерінен секіріп кеткен. Бойжеткеннің денесі құлаған жер. Айналада қанның іздері әлі жатыр. Оның денесі жатқан жер мен үйдің ара қашықтығы үш метрден сәл асады. Соған қарағанда 17 жастағы қыз байқаусызда құлап кеткен жоқ. Әйтпесе денесі осы жерде жататын еді. Керісінше, жүгіріп келіп секіріп кеткен көрінеді. «Айқай болды да, құлап түсті. Артыма қарасам, қап сияқты бірдеңке жатыр, тротуардың үстінде. Қасына келіп қарадым. Қыз бала екен. Бүк түсіп жатыр екен. Қан жайылып кеткен. Ағып жатыр, қып-қызыл болып», – дейді аула тазалаушы Әмірхан Таулақбаев. 17 жастағы марқұм Қырғызстанда наркологиялық есепте тұрған екен. Әкесі ата-ана құқығынан айырылған. Қамқоршысы ретінде туыс әпкесі танылған. Ол Қазақстанға жұмыс бабымен келмек болып, бойжеткенді өзімен ертіп әкеліпті. Жетінші қабаттағы пәтерде тұрып жатқанына екі айдан асқан. «Кеше мен сағат тоғыздарда далаға осы жерден шыққанмын. Сол кезде бір қыз келді. Дәл сол қыз ба, байқамадым. Мына жерге келді. Боғауыз қыз екенін байқадым. Бірге түсітік. Далада ары-бері жүгіріп жүрді. Шашы жайылған, қара. Арықша келген. Сол қыз-ау деп ойладым», – дейді көршісі Аделя Нұрғожина. Кәмелетке толмаған қыздың неге қадағалауда болмағаны мен өз-өзіне қол жұмсауына не түрткі болғанын полицейлер анықтап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
1 шілде 2024