Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Семейде қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген азғын өмір бойына соттталды

kaz.365info.kz

Семейде қызын зорлап, ұлды азаптап өлтірген азғын өмір бойына соттталды

Семейде жұрттың жағасын ұстатқан қылмыс жасаған қаскөй жазасын алды. 9 жасар туған қызын зорлап, өзгенің 4 жасар ұлын азаптап өлтірген азғын өмір бақи бас бостандығынан айрылды. Сұмдық оқиға 2023 жылы қыркүйек айында болған. Келіншек 4 жастағы баласын бірнеше айға күтушіге тастап, жұмыс істеуге кеткен. Күтушінің күйеуі бүлдіршінді ұзақ уақыт бойы азаптап өлтірген. Баланың денесі Семей маңындағы тас жолдың бойындағы әжетханадан табылды. Ұлын күтушіге сеніп тапсырған әйел қайтып оралғанда баласының жоғалып кеткенін хабарлаған. «38 жастағы ер адам үйінде жас балалардың көзінше мас күйде, киімсіз жүрген. Ол өзінің 9 жастағы қызына қатысты сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған. 4 жастағы баланы физикалық және моральдық тұрғыдан азаптаған. 4 ай бойы күтушінің үйінде болған баланы оның күйеуі жақтырмаған. Ол бүлдіршінді бірнеше рет ұрып-соққан. 4 жастағы бала ауыр жарақат салдарынан көз жұмды», – деп мәлімдеді Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметі. Қаскөй баланың өлгенін күтіп, оған ешқандай көмек көрсетпеген. Кейін оның денесін сөмкеге салып, жол бойындағы дәретхананың шұңқырына тастап кеткен. Ал баланы сеніп тапсырған күтуші әйел бүлдіршінді күйеуінен қорғау үшін ешқандай әрекет жасамаған. Енді осы қылмысы үшін өмірінің соңына дейін абақтыда отырады. Ал күйеуінің қылмысын жасырып, балаларға араша түспеген әйелі де жаза арқалады. «Ер адам өмір бойы жазасын өтейтін болады. Ал оның әйелін екі жыл алты айға бас бостандығынан айыруға шешім шығардық. Педагог лауазымын атқару құқығынан 3 жылға айырылады. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ», – дейді судья Назгүл Әбдуәлиева.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
8 қыркүйек 2024